Шардара су қоймасында су көлемі 5 көлемі азайып кетті

554

Көршілес елдерден келетін судың азаюынан қажетті су қоры жиналмаған.

Шардара су қоймасында су көлемі 5 көлемі азайып кетті Фото: inbusiness.kz

Шардара су қоймасындағы су деңгейі 5 есе азайып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы Шардара су қоймасының сыйымдылығы - 5 млрд 200 млн текше метр. Бүгінгі күні мұнда 816 млн текше метр су бар. Ал, өткен жылы осы мерзімде 1 млрд 289 млн текше метр су болған. Қазіргі кезде Қызылқұм каналына секундына - 10 текше, Сырдарияға - 100 текше су жіберіліп жатыр", деді "ҚазСуШар" РМК Түркістан филиалы Шардара бөлемшесі бастығының орынбасары Ермек Иса.

Экология министрлігі тиісті мәселе бойынша көрші елдермен келіссөздер жүргізуде.

Соның нәтижесінде қыркүйек айында судың мөлшері көбейеді деген болжам жасалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу