Осылайша ол сот белгілеген шектеулерді бұзған. Оның жүрген жерін тексеру барысында учаскелік полиция инспекторы азаматты анықтап, құқық бұзушылық фактісі бойынша тиісті акт жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазіргі уақытта оны бас бостандығынан айыру орындарына қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.
GPS-білезіктер азаматтардың орналасқан жерін қашықтан бақылауға және сот белгілеген шектеулердің бұзылуын дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы, жыл басынан бері электрондық бақылау құралдарының көмегімен өңірде 30-дан астам құқық бұзушылық анықталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бұрын сотталған 6 азаматқа қатысты әкімшілік қадағалау мерзімі ұзартылды.
Сонымен қатар жыл басынан бері әкімшілік қадағалау тәртібін бұзған 139 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 480-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.