"Шаруалар рұқсат етілмеген жерлерге де күріш егіп, әріптестеріне зиянын тигізіп отыр"

879

Түркістан облысы Мақтаарал мен Жетісай ауданының шаруалары күріш суарарда су таппайды. Керісінше суармайтын кезде алқап "көл болып кетеді". Мұның себебі неде?   

"Шаруалар рұқсат етілмеген жерлерге де күріш егіп, әріптестеріне зиянын тигізіп отыр"

ОртКом алаңында өткен баспасөз мәслихатында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовқа "Туризм" сайтының тілшісі Рәбиға Жүніс осындай сауал қойды. 

"Жылда шаруашылықтар су шаруашылығы мекемесіне сұраныс береді. Сіз атаған екі аудан негізінен "Достық" каналынан су алады. Канал Өзбекстанда. Ал біз оларға "мынадай мерзімде осынша су керек" деп ұсыныс береміз. Олар негізі жоспар бойынша су жібереді", – дейді вице-министр. 

Оның сөзіне қарағанда, мәселе артық күріш егетін шаруаларға байланысты.

"Жалпы "Достық" каналы жанында күріш егуге болмайтын жерлер бар. Біздің шаруалар былтыр 3 800-дей гектарға күріш егіп қойған. Биыл ондайды болдырмауға күш салып жатырмыз. Шаруалар рұқсат етілмеген жерлерге де күріш егіп, басқа әріптестеріне зиянын тигізіп отыр", – деп түсіндіреді вице-министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу