Шаруалар шрот пен күнжара экспортына шектеу енгізбеуді сұрайды

1366

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (МДҚҰҚ) шрот пен күнжараны сыртқа шығару кезінде квота енгізбеуді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы eldala.kz-ке сілтеме жасап.

Шаруалар шрот пен күнжара экспортына шектеу енгізбеуді сұрайды

Сарапшылардың пікірінше, бұл талап тиімді емес. Себебі, шикізатты сыртқа шығару кезінде шрот пен күнжара квотасы өзін ақтамайды.

"Орталық Азия елдері климат және топырақ жағдайларына байланысты майлы дақылдарды (мақтаны қоспағанда) өсіруге мүмкіндігі жоқ. Біздің бағаламауызша, Орталық Азия елдері мен Батыс Қытайда күнбағыс, соя және рапс тұқымдарының жылдық импорты шамамен 600 мың тонна. Ресейдің майлы шикізатқа экспорттық баж салығын енгізуге байланысты және шикізатты үшінші елдерге шығаруға жол бермеу үшін Қазақстанға майлы дақылдарды жариясыз түрде шығармауы мүмкін екенін ерсек, Қазақстан Орталық Азия елдері мен Батыс Қытайға майлы дақылдар тұқымын шығаратын негізгі мемлекет болып қалады", - деді МДҚҰҚ өкілдері.

Сондай-ақ қауымдастық сарапшылары 2021-2022 жылдары жағдай осындай болса, Қазақстанның ішкі нарығында дайын өнім өндірісінің айтарлықтай төмендеуі және Қытайда май тұқымына сұраныстың өсуі ықтимал екенін айтады. Ал бұл өнім импортының артуына алып келеді.

Сонымен қатар МДҚҰҚ Орталық Азия елдері дайын өнімдерді импорттаудан шикізат шығаруға көше бастағанын атап өтті. Ал дайын өнім (шрот/жем) экспортына шектеу енгізу қайта өңдеушілер мен трейдерлер арасында теңсіздік туғызады.

"Осыған байланысты МДҚҰҚ өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігіне ай сайынғы көлемді квоталауды тек шрот/күнжара дақылдарына емес, май тұқымына да енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ай сайын нарықта мониторинг жүргізу қажет, май саласындағы жағдай өзгерген жағдайда нарықты ашу немесе шектеу салу бойынша түзетулер енгізу мүмкіндігі болуы керек", - деді қауымдастық сарапшылары. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу