Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі күмәнді, көлеңкелі тұстары көп – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін ақпараттық жүйелерді кіріктіру жұмысын аяқтауды тапсырды. 

Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі күмәнді, көлеңкелі тұстары көп – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Президент пікірінше, бұл қадам субсидиялау үдерісін цифрландырады және шаруалардың міндеттемелерін бақылауға алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ветеринарлық қауіпсіздік жүйесі сапалы болуы тиіс. Ашығын айтқанда, Қазақстанда бұл сала кенжелеп тұр. Еліміздегі 168 зертхананың жиырма жетісі ғана халықаралық стандартқа сай келеді. Мал дәрігерлерінің жұмысы толық бақылауға алынбаған. Соңғы 3 жылда малға екпе салдық деп 30 мың жалған құжат жасалды.

Бұл саланы біржола тәртіпке келтіру қажет. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын үш айдың ішінде қабылдауы тиіс, – деп қатаң ескертті Мемлекет басшысы. 

Бұған дейін Президент "Мал шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндігіміз бар, бірақ дұрыс пайдаланбай отырмыз" деген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу