Шарын шатқалында жарға құлаған турист құтқарылды

607

Ең бірінші болып достары құтқарушыларға хабарласып көмек сұраған.  

Шарын шатқалында жарға құлаған турист құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Шарын шатқалында турист терең жарға құлап, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жақын маңда кезекшілік атқарып жүрген Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) механикаландырылған құтқару жасағы көмекке келген.

1989 жылы туған ер адамды құтқарушылар сәтті шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Ер адам медициналық көмекті қажет етпеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу