Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

228

"Кез келген жолмен жеңуім керек".

Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады Фото: sport-express.ru

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де өз елінің намысын қорғаудың қандай екенін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

"Мен Қазақстанның атын шығардым, аянбай еңбек еттім. Туымызды халықаралық аренада көрсетудің өзі бақыт", - деді Рахмонов.

Шавкат америкалық Стивен Томпсонмен алдағы жекпе-жек туралы да айтып өтті: "Жекпе-жек Томпсонға қауіп төнді ме, жоқ па көрсетеді. Оны жеңуге жақсы дайындалдым деп ойлаймын. Кез келген жолмен жеңуім керек".

Айта кетейік, Рахмонов-Томпсон жекпе-жегі 17 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирі аясында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу