Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғары көтерілді

272

Қазақстандық спортшы UFC дивизиондағы орнын өзгертті.

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғары көтерілді Фото: championat.com

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0) UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды (17-7) мерзімінен бұрын жеңіп, дивизиондағы орнын өзгертті.

"Жеңілмейтін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (18-0) жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орынға көтерілді", - деп жазады Sport-Express.

Жартылай орта салмақтағы чемпион Леон Эдвардс турнир кестесінде көш бастап тұрса, Рахмонов Гилберт Бернс пен Колби Ковингтонды басып озып,үшінші қатарға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу