Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

386

Отандық спортшының келесі қарсыласы ағылшын файтері Леон Эдвардс болуы мүмкін.

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді? Фото: Чемпионат

Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-3) алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

“Сәуір айында Лас-Вегастағы UFC 300 турнирінде белбеуімді қайта қорғаймын, сосын жазда Бирмингемдегі “Вилла Паркте”, өз жерімде жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырмын. Мен UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатырмын, сондықтан бұл қолымыздан келеді де ойлаймын”, - дейді Леон Эдвардс.

Еске сала кетейік, титулдық жекпе-жекке басты үміткерлердің бірі қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (18-0). Алайда көптеген шетелдік сарапшылар UFC әуелі америкалық файтер Белал Мухаммадқа (23-3) мүмкіндік беретінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу