Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы депутатқа тұрмысқа шықпақ

551

Спортшы қыздың таңдауы Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен.

Шавкат Рахмоновтың туған қарындасы депутатқа тұрмысқа шықпақ Фото: inbusiness.kz

Аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің орта салмақтағы бесінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлемнің үздік лигасында өнер көрсетуге ұмтылып жүрген Сора Рахмонованың таңдауы бразилиялық джиу-джитсудан бірнеше дүркін әлем чемпионы, қара белбеу иесі, Алматы облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаровқа түскен. 

БАҚ өкілдері спортшылардың тойы 10 желтоқсан күні Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтетінін жарыса жазып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу