banner

Шекара бекеттеріндегі көлік кептелісі наразылық тудыруда

830

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановқа осы мәселені шешуді тапсырды.

Шекара бекеттеріндегі көлік кептелісі наразылық тудыруда

Қордай, Ауқаты, Сартөбе бақылау-өткізу бекеттеріндегі ұзынсонар кезек мәселесін шешу керек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин "Қазақ-Қырғыз шекарасын шегендеу туралы" шартты қарау барысында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановқа осылай деді.

Төрағаның айтуынша екі елдің шекара пункттерінде көлік кептелісі қос тараптан да көпшіліктің наразылығын тудыруда. Қауіпсіздік комитетінің өкілі келер жылы бекеттердегі қабылдау терезелерінің саны 36-дан 60-қа дейін көбейтілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу