ҰҚК: 10 күнде шекарада 1 млрд теңгеден астам заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

204

Шекара қызметі жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 411 дерегін анықтады.  

ҰҚК: 10 күнде шекарада 1 млрд теңгеден астам заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс істеліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

1-10 тамыз аралығында шекара арқылы жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам тауарлар мен жүктерді заңсыз тасымалдаудың 551 фактісінің жолы кесілді.

Атап айтқанда, жанар-жағармай материалдарын заңсыз алып шығудың 411 әрекетіне, сондай-ақ халық тұтынатын тауарларды өткізу тәртібін бұзудың 140 фактісіне жол берілмеді.

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеше 645 млн теңгеден астам декларацияланбаған валюта анықталғанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу