Қырғызстаннан заңсыз тасымалданған құс еті мен уылдырық кері қайтарылды

69

Өнімдерді тасымалдаушыларға шекарада әкімшілік хаттама толтырылды.  

Қырғызстаннан заңсыз тасымалданған құс еті мен уылдырық кері қайтарылды Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы "Қордай" ветеринарлық бақылау бекетінде ҚР АШМ-нің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті инспекциясы жануар өнімдерін заңсыз тасымалдау жағдайларын анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алғашқы оқиға Қырғызстаннан 1000 кг құс етін (үйрек етін) елге әкелуге байланысты. Жүк көлігін тексеру барысында өнімнің арнайы белгісінің жоқтығы, көліктің ветеринарлық талаптарға сай келмейтіндігі және құжаттарда дұрыс ақпарат болмағандығы анықталды.

Өнім кері қайтарылып, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды.

Одан кейін Қырғызстан азаматының қол жүгі тексеріліп, онда 32 кг (162 банка) уылдырықтың құжатының жоқтығы анықталды.

Бұл өнім де кері қайтарылып, азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ‎

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу