Шекарадан жүк көлігімен заңсыз өтпек болған 10 мигрант ұсталды

81

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.  

Шекарадан жүк көлігімен заңсыз өтпек болған 10 мигрант  ұсталды Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.

Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу