Шекарашылар етті заңсыз алып өтпекші болған қостанайлықтардың жолын кесті

940

Шекарашылар етті заңсыз алып өтпекші болған қостанайлықтардың жолын кесті

Қазақстан-Ресей шекарасында жалпы салмағы 4 тоннадан асатын құс және қой еті тәркіленді, деп жазады alau.kz.  

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай шекара отрядының "Қайрақ авто" өткізу пунктінің шекарашылары бір тәулік ішінде ет өнімдерін тасымалдаудың екі фактісін анықтады. Атап айтқанда, 47 жастағы Қазақстан азаматы қой еті тиелген "Газ" автокөлігімен Ресейге өтпекші болған.

"Заң бұзушы  ветеринарлық сертифиткатта көрсетілген деректердің сәйкес келмеуіне байланысты тоқтатылды. Онда салмағы  500 келі 25 мал еті көрсеткен. Көлікті тексеру барысында  жалпы салмағы 1300 келі 65 малдың еті анықталды", – деп атап өтті баспасөз қызметі.

Дәл сол күні 32 жастағы Қазақстан азаматы мемлекеттік шекарадан тиісті құжаты жоқ 3 тонна құс етін  алып өтпек болды. Ол "Hyundai" жүк көлігімен Қазақстаннан Ресейге жол тартқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу