"Шексіз махаббат!": Украинадағы жарылыс кезінде анасы баласын жата-жастана қорғады

Бейнебақылау камерасына жазылып қалған сәт әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

"Шексіз махаббат!": Украинадағы жарылыс кезінде анасы баласын жата-жастана қорғады Фото: бейнежазбадан

Оқиға Украинаның Сумы қаласына жасалған әуе шабуылы кезінде түсірілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кадрлардан жергілікті дәмханалардың бірінің маңында тұрған адамдардың авиациялық бомбалар жарылған уақытта жан-жаққа қашқанын байқау қиын емес. Дәл осы сәтте келіншек кішкентай баласын жерге жатқызып, өз денесімен толық жауып, қызғыштай қорғаған.

Бұл іс-әрекет небәрі бірнеше секундта жүзеге асқан. Анасы өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, баланың амандығын бірінші орынға қойып отыр.

Бейресми деректер Сумыға жасалған шабуыл салдарынан бірнеше адамның жан тапсырған. 30-дан аса тұрғынның түрлі жарақат алғаны жайлы да дерек кездеседі. Қаза тапқандардың арасында 13 жастағы жасөспірім қыз бар.

Әлеуметтік желіде бейнежазбадағы келіншектің іс-әрекетін аналық инстинкт пен шексіз махаббаттың көрінісі деп бағалап жатқандар көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу