Шектеу шараларын қысқарту өте қауіпті – Борис Джонсон

730

Британия премьері 27 сәуірде ресми түрде жұмысына кірісті.

Шектеу шараларын қысқарту өте қауіпті – Борис Джонсон

Коронавирус инфекциясынан жазылған Британия премьер-министрі Борис Джонсон 27 сәуірде жұмысына оралып, шектеу шараларын қысқартуға әлі ерте екенін айтты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Үкімет басшысы тәуекелге бел буып, карантиннің күшін жойғысы келмейтінін білдірді. Оның сөзінше, пандемиямен күрес әзірге аяқталған жоқ. Дегенмен қазір Италия, Испания және Франция елдері біртіндеп шектеулерді қысқартып жатыр.

Еске сала кетейік, премьердің вирусты жұқтырғаны 27 наурызда белгілі болған еді. 10 күн өткеннен кейін ғана  ауруханаға жатқызылып, ем қабылдай бастады. Содан кейін, 13 сәуірде ол ауруханадан шығарылды.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Британиядағы науқастардың саны 124 мыңға жеткен. Оның 16 мыңнан астамы қайтыс болды. Ал әлемде вирус жұқтырғандардың саны 3 миллионға жуықтап, 206 мыңы дерттен көз жұмды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу