Шектеу шарасы көзбояушылыққа айналды – Берік Дүйсенбинов

917

Кәсіпкерлердің қоры да, шыдамы да таусылуға жақын.  

Шектеу шарасы көзбояушылыққа айналды – Берік Дүйсенбинов

Мәжілісмен Берік Дүйсенбинов үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат рестораторлардың мәселесін көтеріп, олар үкіметтен отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салу тәртібін алып тастауды сұрап отырғанын жеткізді.

"Қазіргі күні кәсіпкерлердің жинаған қоры да, шыдамы да таусылуға жақын. Кәсіпкерлер күнделікті тұрмыс-тіршілік шығынына қоса шектеуге байланысты жұмыссыз, бос тұрған ғимараттардың коммуналдық төлеміне, оның күтімі мен күзетіне шығындалып жатыр. Біз қызығын да, қайғысын да жақынымен бөліскен халықпыз. Бүгінде азаматтарымыз кең ғимараттарда сақтық шараларын сақтай отырып өткізетін отбасылық шараларды антисанитарлық жерлерде тығылып өткізуге мәжбүр болуда. Отбасылық шараларды өткізуге рұқсат бермеу шын мәнінде індетті тоқтатуға еш әсер етіп отырған жоқ. Шектеу шарасы көзбояушылыққа, індетпен күрестің бейшара көрінісіне, коррупцияға айналды. Ресми түрде шектеу болғанмен, іс жүзінде жанұялық шаралар, той-жиындар пәтерлерде, жеке үйлер мен көзден тыс кафелерде өтіп жатыр, – деді Берік Дүйсенбинов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу