Shell-дің 2016 жылғы табысы төмендеп кетті

1025

Shell-дің 2016 жылғы табысы төмендеп кетті

Британ-голландиялық Royal Dutch Shell Plc мұнай компаниясының 2016 жылғы табысы азайды. Бұл соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды 7күн.

Shell компаниясының баспасөз ақпаратында хабарланғандай, өткен жылы табыс өндірістегі шығын өзгерістерін қоса алғанда 8%-ға, яғни 3,5 млрд долларға дейін азайған. 2015 жылғы көрсеткіш 3,8 млрд доллар болған.

2016 жылы  Shell компаниясы британдық BG ұйымын сатып алуына, сондай-ақ активтерді сатуға байланысты операцияларды қайта ұйымдастыру процесін жүзеге асырды.

Сондай-ақ, Shell-дің атқарушы директоры Бен ван Берденнің сөзінше, компания өткен жылы 15 млрд долларға активерін сату туралы келісімге қол жеткізді және жалпы көлемі 30 млрд долларды құрайтын активтерді сатуға қатысты жоспар толығымен орындалады.

"Біз алдағы уақытта актив портфельдерін көбірек орналастыруға ниеттіміз және 2017 жылы компанияны қаржылық құрылымын нығайтқымыз келеді. Біздің стратегия қазірдің өзінде нәтижесін көрсетіп жатыр. Осы жылы сапалы жобаларға инвестиция салғымыз келеді", — дейді Shell басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу