Шемонаихадағы түрмеде оқ атылды

354

Сотталғандарға спирттік ішімдік лақтырған.

Шемонаихадағы түрмеде оқ атылды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстандағы түзету мекемелерінің бірінде оқ атылды. Белгілі болғандай кешкі сағат сегіз шамасында әлдебіреу түрменің қоршауынан асырып, белгісіз бір затты лақтырған.

Оқиға Шемонаихадағы түзету мекемесінде болған. Белгісіз біреулер түрменің қоршауының ішіне "сәлемдеме" лақтырып, артынша ізін суытқан. 

– Осы сәтте сотталушы тұрғын аймақтан сытылып шығып, зат түскен аумаққа қарай ұмтылғанын байқаған. Бекет сақшысы алдымен қарауыл бастығына хабар береді. Одан кейін жазасын өтеушіге дауыс арқылы ескерту жасағанымен, сотталушы сақшының бұл әрекетін елемеген. Жауынгер қаруын сақтандырғыштан шешіп, жоғары қарай ескерту оғын атады. Бұл уақытта әскери жасақ оқиға орынына жедел жетіп, тыйым салынған заттарды алып кетпек болған сотталушыны ұстады. Кейіннен белгісіз азамат сотталушыларға спирттік ішімдік лақтырғаны анықталды, – дейді "Шығыс" өңірлік  қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен жылы Өскемендегі түзету мекемелерінде де осындай жағдай орын алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу