Шенеунік жиналыс кезінде әріптесін тізесіне алып, құшақтап отырған

1285

Оқиға Өзбекстанның Самарқанд облысында болды, деп жазады inbusiness.kz сайты kun.uz басылымына сілтеме жасап.

Шенеунік жиналыс кезінде әріптесін тізесіне алып, құшақтап отырған Фото: kun.uz

Аталған жайт қоғамда қызу пікірталас тудырды.

Артынша Өзбекстанның Еңбек министрлігі ресми түсініктеме беріп, жауапты тұлғалар мәселені тексергенін хабарлады.

Нәтижесінде, этикалық нормаларды өрескел бұзған бөлім басшысы мен сол жиында болған әйел қызметкердің еңбек шарттары бұзылып, екеуі де қызметтен босатылды.

Министрлік олардың әрекеті мемлекеттік қызметкер этикасына қайшы екенін атап өтті.

Шенеунік бұл қызметке 2023 жылдың желтоқсан айында тағайындалғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу