Шенеуніктер иесі бар жерлерді сатып жіберген

906

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тіркеу жұмыстарын дұрыс жүргізбей, ескі құжат бойынша иесі бар жерлерді қайта сатқан.

Шенеуніктер иесі бар жерлерді сатып жіберген

Алматы облысында 7 млн гектарға жуық бос жер болғанымен, өңірдің ондаған шаруасы ұлтарақтай жерге қол жеткізе алмай келеді. Ал, осындай бос жерлерді аукцион арқылы сатып алған кәсіпкерлер жердің өз меншігі екенін сотта дәлелдей алмай жүр.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, мұндай олқылықтарға жергілікті атқару органдарының қызметкерлері кінәлі. Себебі олар тіркеу жұмыстарын дұрыс жүргізбей, ескі құжат бойынша иесі бар жерлерді қайта сатқан. Әсіресе мұндай заңбұзушылықтар Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында көп кездеседі. Осыған байланысты жемқорлыққа қарсы қәсіпкерлер кеңесі мемлекеттік қызмет істері агенттігіне салада тексеріс жүргізуді ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу