Шенеуніктер пандустарды тексерді

1328

Түркістан облысы әкімінің орынбасары қоларбаға отырып, қаладағы пандустарды сынақтан өткізді. 

Шенеуніктер пандустарды тексерді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен шаһар басшысы Рашид Аюпов қаладағы пандустардың халыққа ыңғайлылығын тексеру үшін  шаһарды қоларбамен аралап өтті. "Сенім жүрек" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен бірлесе өткізген шара аясында бір топ шенеунік  Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен орталықтарға барып, автобустарға қоларбамен мініп көрді.

Аталған бірлестік қоғамда қамкөңіл жандарға тең мүмкіндіктер жасалу үшін "Қолжетімді Қазақстан" жобасын ұсынған болатын. Жобаны қолдап, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын түсіну мақсатында қоларбаға отырған билік басшылары, қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырды. Мүгедектердің кез келген қоғамдық орынға барып қайтуына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керектігін, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандустар салып, оның биіктігін тиісті талапқа сай етуді міндеттеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу