Шенеуніктердің кесірінен халық ағын судан тарығып отыр

653

Түркістан облысы Сайрам ауданында ағын судың барлығын шенеуніктер бұрып алған, деп хабарлайды Atameken Business.   

Шенеуніктердің кесірінен халық ағын судан тарығып отыр

Салдарынан қарапайым шаруа егіні мен малын суаратын су таппай жүр. Ерте көктемнен еткен еңбектері еш болған диқандар бүгін аудан орталығына жиналды. Олар судың тек шенеуніктерге берілмей барлығына теңдей бөлінуін талап етті. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ауданда дәл қазір 23 мың гектар суармалы жердің тең жартысына ағын су жетпей отыр. Салдарынан көптеген бау-бақша қурап, көктей солуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу