Шенген визасын алу тәртібі жеңілдетілді

1551

Студенттер мен ғалымдар визалық алым төлеуден босатылды.  

Шенген визасын алу тәртібі жеңілдетілді

Еуропарламент Еуроодақтың жаңа визалық кодексін бекітті. Бұл құжат Одаққа кірмейтін елдердің азаматтарына виза алу тәртібін жеңілдетеді, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа ереже бойынша, визаға өтінішті жарты жыл бұрын тапсыруға болады. Тек теңізшілерге ғана 9 ай бұрын арыз беру қарастырылған. Сондай-ақ визалық алым 60 еуродан сексенге дейін өсті. 18 жасқа дейінгі балаларға қосымша жеңілдіктер бар. Бұрынғыдай студенттер мен ғалымдар визалық алым төлеуден босатылды. 

Айта кетейік, соңғы жылдары Шенген аймағына келушілер 50% артқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу