Еуропаға виза алу тәртібі жеңілдеуі ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҚР Сыртқы істер министрлігі виза рәсімдеу барысында талап етілетін құжаттар тізімін қысқартуды ұсынып отыр. Келіссөздердің алғашқы кезеңі бұған дейін Брюссель қаласында өткен болатын.
Қазір еліміз 39 мемлекетпен визасыз режим орнатқан.
Сонымен қатар, 87 елдің азаматтары елімізге визасыз кіре алады, ал 107 елдің азаматтарына Қазақстанға электрон виза арқылы келуге мүмкіндік бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу