Шерзат ісі бойынша аппеляциялық соттың өтетін мерзімі анықталды

Алматы облысы соты қылмыстық іс 2025 жылдың 18 тамыз күні сағат 11:00-де қайта қаралатыны туралы ақпарат берген. 

Шерзат ісі бойынша аппеляциялық соттың өтетін мерзімі анықталды Фото: malim.kz

Бұл – Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты аппеляциялық сот, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған іс бойынша:

А.Шынасыл – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 5, 9, 14 тармақшалары, 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 2-бөлігінің 1, 7, 9 тармақшалары бойынша;

Р.Сәкиев – 293-баптың 3-бөлігі, 24-баптың 3-бөлігі және 99-баптың 2-бөлігінің 7, 9 тармақшалары бойынша;

А.Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі және 188-баптың 1-бөлігі бойынша;

Ш.Белғожаев, Д.Әскентай, Н.Ільясов, Н.Тоқтаубаева және Д.Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі бойынша;

Д.Ысқақ – 434-бап бойынша сотталған болатын.

Десе де, Алматы облысының соты Д.Ысқаққа тағайындалған жаза мерзімінің толық өтелуіне байланысты босатылғанын растап отыр. Осыған дейін жәбірленуші тараптың адвокаты болған Мейірман Шекеев те айыпталушылардың бірі жазасын өтеуіне байланысты бостандыққа шыққанын мәлімдеді. 

Inbusiness.kz тілшісі Шерзат Полаттың өліміне кінәлілердің сотталғаны туралы алғашқылардың бірі болып жазған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу