Шерзат ісі бойынша сот процесі 28 сәуірде жалғасады

406

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтті.  

Шерзат ісі бойынша сот процесі 28 сәуірде жалғасады Фото: бейнежазбадан

Бүгінгі отырыс барысында жәбірленуші тарап пен куәгерлерден жауап алынды. Істі қарастырып жатқан судья Ержан Жанұзақов келесі сот отырысын 28 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сонымен қатар, келесі отырыстар 29 сәуір мен 5–6 мамыр күндері, дәл сол уақытта өтетін болады. Мамыр айындағы мереке және демалыс күндеріне байланысты сот кестесіне өзгерістер енгізілген.

Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов оқиғаның қалай басталғанын және Шерзаттың қайтыс болған сәтін сипаттап берген еді.

Қайтыс болған жігіттің анасы, Гүлбара Бейшембиева да сол күнгі қайғылы жағдайды еске алып, өз естеліктерімен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу