Шерзат ісі: Күдіктілердің күліп бара жатқан видеосын таратқандар жазаға тартылды

Бұл туралы бүгінгі Шерзат Полат өліміне қатысты сот процесінің 2-бөлімінде айтылды.  

Шерзат ісі: Күдіктілердің күліп бара жатқан видеосын таратқандар жазаға тартылды Фото: Бейнежазбадан

Сондай-ақ, сот соңғы тараған басқа аудиожазбаға қатысты жекеше қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Құрметті сот отырысына қатысушылар! Осы қылмыстық іс бойынша 29 сәуірде өткен тікелей эфирден кейінгі интернетте таралған күдіктілердің видеосы туралы жүргізілген қызметтік тексерудің нәтижесін жариялаймын. Қызметтік тексеріс барысында сот процесін онлайн трансляциясы бойынша таратылған техникалық қызметкерлердің трансляцияны уақытылы тоқтатпағаны, соның нәтижесінде күдіктілердің видеосы эфирге шыққаны анықталды. Нәтижесінде техникалық қызметкерлер Рустем Муксинов, Назира Оразалиева және Сауле Кайдагулова тәртіптік жазаға тартылды. Кешегі әлеуметтік желілерде тағы да сот отырысының аудиожазба таралуына байланысты сот жекеше қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады, – деді Ержан Жанұзақов. 

Бұған дейін күдікті Дидар Қалиахмет соттан өзін шындық детекторымен тексеруді сұраса, айыпталушы Абзал Шынасыл сотта өзінің түрін көрсетуге рұқсат берген еді. 

Бүгінгі сот барысында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай түсті пышақ болғаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу