Шерзат сотында тағы бір айыпталушы тергеуде берген жауабынан бас тартты

419

Сот отырысы онлайн өтті. 

Шерзат сотында тағы бір айыпталушы тергеуде берген жауабынан бас тартты Фото: Informburo.kz

Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында айыпталушы Шыңғыс Белғожаев жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы айыптау актісінде "пышақтың сабымен ұрған" деген тұспен келіспейтінін айтты. Белғожаев тергеу кезінде қысым көргенін, сол кезде берген жауаптарына толық келіспейтінін жеткізді.

"Сізден тергеу барысында қаншама мәрте жауап алынған. Алайда сіз бірде-бір рет арызданбағансыз. Басқа сотталушылар арызданған. Қысым көрсетілгені туралы неге қазір ғана айтып тұрсыз?", - деп сұрады мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай.

Сотталушының сөзінше, одан "ешқандай пайда жоқ әрі қолында дәлелі де болмаған".

"Қазір айтуға мәжбүрмін", - деп қысқа қайырды айыпталушы.

Прокурор "Достарыңыздың арасында "Чика" деген лақап аты бар адам бар ма?" деп сұрады.

Шыңғыс Белғожаев "Жоқ" деп жауап берді.  

Айта кету керек, осыған дейін айыпталушы Шыңғыс Белғожаевтан жауап алынғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу