Танымал адвокат марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты ел естімеген шындықты айтты

Танымал құқық қорғаушы марқұмның ісінде толық тексерілмеген жағдайлар барын жасырмады.  

Танымал адвокат марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты ел естімеген шындықты айтты Фото: kursiv.media

Мейірман Шекеев жазбасында дәрігер Бауыржан Абдрахмановқа тоқталып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Адвокат Шерзат Полаттың немере ағасы, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты ел естімеген шындықты айтып отыр. 

– Нұрқанаттың анасының айтуы бойынша, сол күні дәрігер (Бауыржан Абдрахмановты айтады) Қаржаубайдың отбасына қатысты бейнежазба жариялаған көрінеді. Жәбірленуші ретінде танылған Жұмабике ханымның дәрігерден жауап алып, жазаға тарту туралы арызы аяқсыз қалған. Бұдан бөлек күмән келтіретін жайттар ҚПК 24-бабына сәйкес толық тексерілмеген, – деп қоса кетті ол. 

Еске салайық, қоғамда көп резонанс тудырған 16 жастағы жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен соң шамамен екі айдан кейін немере ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев кенеттен қайтыс болған еді. Оның денесі Талғар маңынан табылды. Көп ұзамай Нұрқанаттың өлер алдындағы жазып кеткен соңғы хаты жария болды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу