Шерзат ісіндегі күдіктілердің соттағы видеосының тарап кетуіне байланысты тексеріс басталды

236

Сот процесі онлайн көрсетіліп жатыр. 

Шерзат ісіндегі күдіктілердің соттағы видеосының тарап кетуіне байланысты тексеріс басталды Фото: Жумабай Мусабеков

Талдықорғанда марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жақында айыпталушылардың сот залынан мәз болып шыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Сотталушы тараптың туыстары бұған наразылығын білдірді.

"Мен Нұрқияс Ілиясовтың әкесімін. Алдыңғы жылы сіз (ред. – судья) балаларды түсірме деп едіңіз. Оларды түсірген бала мына жерде отыр. Тик-Токқа түсірген. Куәгер жас баланы да түсіріп алыпты", - деді айыпталушы тараптың туысы.

Сот залында отырған мобилограф жігіт пікір білдірді.

"Менің аты-жөнім – Марсов Алмат Орынбасарұлы. Шекеев Мейірман Қалмаханұлының мобилографымын. Бірінші сот отырысынан бері қатысып келемін. Сіздің (ред. – судья) ескертулеріңіздің бәрін білемін. Мен (видеоны) түсірген жоқпын. Телефонымды тексеріске бере аламын. Өткен жолы әлеуметтік желіде таралған видео қолмен емес, штатив арқылы түсірілген. Егер телефонмен түсірілген болса, 16:9 деген кадрмен шығуды еді. Ол YouTube форматында шықты. Оған менің ешқандай қатысым жоқ", - деді Алмат Марсов.

"Бұл бойынша сот тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі сіздерге қосымша хабарланатын болады", - деді судья Ержан Жанұзақов.

Судья сотталушыларды түсіруге тыйым салынатынын тағы да ескертті.

Айта кету керек, бұған дейін куәгер Сәкен Әкежанов Шерзаттің ісі бойынша сот отырысында жауап бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу