Шерзат Полаттың ісі: Екі куәгерге жалған куәлік үшін қылмыстық жауапкершілік сұралды

342

Адвокаттың айтуынша, екі куәгер де оқиға орнында болған, алайда тергеу барысында берген мәліметтерінен сот кезінде бас тартқан.  

Шерзат Полаттың ісі: Екі куәгерге жалған куәлік үшін қылмыстық жауапкершілік сұралды Фото: бейнежазбадан

Шерзат Полаттың ісіне қатысты жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев сотта куәлік берген Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіні қасақана жалған ақпарат беріп, ауыр қылмысты жасырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартуды сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Тергеу кезінде Нұрбекова кәмелетке толмаған Шерзатқа пышақ салынғанын көргенін айтқан. Бірақ сотта ол бұл мәлімдемесін жоққа шығарды. Сот оған жалған куәлік бергені үшін жаза қарастырылғанын ескертті", –  деді Шекеев.

Адвокаттың сөзінше, көліктегі видеотіркеу құрылғысынан алынған бейнежазба куәгерлердің шындықты жасырып отырғанын дәлелдейді.

"Видеода Нұрбекова сабырлы күйде, күліп сөйлесіп отырғаны анық көрінеді. Оған ешқандай қысым жасалмаған. Бұл  куәгерлердің әдейі жалған ақпарат бергенін айғақтайды",  деді ол.

Осыған байланысты адвокат Эльмира Нұрбековаға ҚР ҚК-нің "Қасақана жалған куәлік беру" және "Ауыр қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша қаулы шығаруды, ал Дана Жақсыгелдіге қатысты ҚК-нің 434-бабы негізінде хаттама толтырып, істі Алматы облысы прокуратурасына жолдауды сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу