Айыпталушы Шынасыл Абзал сотта жауап беріп, оқиғаның мән-жайын айтып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Сіз қорғалуға құқы бар куә ретінде берген жауабыңызда "тек Нұрқанатқа (Ғайыпбаев) пышақ сұқтым" деп көрсеттіңіз. Күдікті ретінде қосымша берген жауабыңызда "тек Шерзатқа (Полат) пышақ сұғып алдым" дедіңіз. Ал Нұрқанатпен беттестіру барысында сіз "Нұрқанатқа 3 мәрте, Шерзатқа 1 мәрте пышақ сұғып алдым" деп көрсеттіңіз. Айтыңызшы, жауаптарыңызда неліктен қарама-қайшылық болып тұр? – деп сұрады адвокат айыпталушыдан.
Шынасыл Абзалдың сөзінше, ол жанындағы жігіттермен "Шерзатты мойныма аламын" деп келіскен. Яғни, олар тергеу алдында кімнің қандай жауапкершілік алатынын өзара бөлісіп алған.
– Өйткені мен Шерзат Полатқа пышақ кіргенін мойныма алған соң, Нұрқанатқа пышақ салғаным өзіме ауыр болмасын деп сол кезде келіскен болатынбыз Шыңғыс екеуміз. Кейіннен Белғожаев Шыңғыс бас тартты. Содан кейін екеуін де өзім алдым, – деді күдікті Абзал Шынасыл.
Бұған дейін Шерзаттың өліміне басты күдікті түрін көрсетуге қарсы болмағанын жазған едік.