Шерзаттың әкесі Қаржаубайға бір азамат қысым жасағаны анықталды

125

Әлеуметтік желіде Қаржаубай Нұрымовтың отбасына жүйелі түрде қысым көрсетіп, тыныштығын бұзған "Доктор" лақап аты бар азамат заң алдында жауап беретін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шерзаттың әкесі Қаржаубайға бір азамат қысым жасағаны анықталды Фото: Жоғарғы Сот

Адвокат Мейірман Шекеев кезекті істің мән-жайын хабарлады. Оның айтуынша, “Доктор” лақап атымен танылған азамат Қаржаубай Нұрымовтың отбасын ұзақ уақыт бойы аңдып, түрлі арандатушылық әрекеттер жасаған. Осыған орай жақында өткен сот отырысында адвокат Мейірман Шекеев айыпталушыға бірнеше нақты талап қойған.

“Жауапкер Әбдірахман Бауыржанды сот шешімі заңды күшіне енген соң бес күн ішінде TikTok әлеуметтік желісінде Қаржаубай Полатұлынан ресми түрде кешірім сұрап, теріске шығаруды және бұл кешірім видеосын өз парақшаларында – maskarad778 және басқа да аккаунттарында кемінде 30 күн бойы ашық жариялап қоюға міндеттеуді сұраймыз, – деді адвокат.

Судья сотта жауапкерден кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын нақтылауды сұрағанда Әбдірахман Бауыржан барлығын мойындайтынын жеткізген.

Одан кейін судья тараптарды медиация жолымен татуласуға бола ма деп сұраған сәтте, адвокат қарсы тараптан тікелей сұрақ қойыпты. “Қаржаубайдың отбасын не себепті аңдып жүрсіз?” деген сұраққа жауапкер былай деп түсініктеме берген:

“Қазақстан азаматы, қазақ болған соң, ол жерде болған істі көріп, ашуланып, соның бәрін істедім. (...) Бұл – менің азаматтық позициям. Мен оны батыр қылуға жол бермеймін”, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу