"Шерзаттың отбасын жайына қалдыр!": Қорғаушы үндеу жасады

14338

Қоғамдық талқылау Шерзаттың ісіне қандай кедергі келтіруде?

"Шерзаттың отбасын жайына қалдыр!": Қорғаушы үндеу жасады Фото: inbusiness.kz

Қыршыннан қиылған марқұм Шерзаттың өліміне қатысты жәбірленуші тараптың қорғаушысы Саида Тәуекелова жұртшылыққа үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шерзаттың отбасын жайына қалдыр!

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде өз мүдделерін көздеген блогерлер Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша соттың ашық өтуін талап етіп, ашық мәлімдемелермен жоғарғы органдарға жүгінуде. Адвокаттар мен жәбірленушілердің өкілдері сот процесін ашық өткізуді әу бастан қолдағанын және бұл туралы өтініш беруге ниетті екенін белсенді түрде мәлімдегенің түсіндіргіміз келеді. Прокуратура да бұл ұстанымды қолдады, өрт қою фактісі бойынша тергеуді арнайы жасақ толығымен жүргізіп жатыр. Іс бойынша барлық шаралар, соның ішінде үйді өртеу фактісі бойынша тергеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде", – дейді қорғаушысы.

Сонымен қатар, Саида Тәуекелова блогерлер тарапынан жалған ақпараттар таратылып, қоғамдық талқылаудың қажеті жоқтығын айтты.

"Бұл іс бойынша қоғамдық талқылау мен жалған ақпараттың таралуы тергеуге кедергі келтіріп қана қоймай, орны толмас қайғыға ұшыраған отбасыға ауыр тиюде. Блогерлерден отбасы шекарасын құрметтеуді және тергеу органдарына өз жұмысын кәсіби және объективті түрде аяқтауға мүмкіндік беруді сұраймыз! Сонымен қатар, блогерлер мен жұртшылықтың назарына Шерзаттың ата-анасы мен оның ағасы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылғанын айтамыз! Қалған туыстары қылмыстық іс материалдарына қол жеткізе алмайды, сондықтан олардың айтқандарының бәрі – олардың субъективті қабылдауы.

Құрмет, жауапкершілік және қолдау – қазір Шерзаттың отбасына қажет нәрсе. Қорытындылай келе, тұрғын үй мәселесі бойынша қаржылық қолдау мәселесі қазір шешілуде, Шерзаттың отбасына психологиялық көмек көрсетілуде және балалар қажетті заттармен қамтамасыз етілді. Орны толмас қайғы туралы ақпарат таратуды доғарыңыз! Біз барша қазақстандықтарға қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз, бірақ қазір тергеу жалған жолмен жүріп жатыр деп есептеуге ешқандай алғышарт жоқ!", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу