Шет елдегі қазақ балалары "Балдәурен" орталығында демалады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында Оныншы маусымның ашылуы өтеді. 

Шет елдегі қазақ балалары "Балдәурен" орталығында демалады Фото: Южный Казахстан

Бұл жолғы ерекшелік – орталықта жақын және алыс шет елдердегі қазақ диаспораларының, ұлттық мәдени орталықтардың, халық шығармашылық ұжымдарының өкілдері, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, әншілер, бишілер демалады.

Ауысым бағдарламасы мынадай:

1.      "Мекенім - Қазақстан" орталықта топ визиткасын қорғау кеші;

2.      2023 жылдың 10-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;

3.      2023 жылдың 10-ауысымның ашылу салтанаты;

4.      "Балдәурен" РОСО-ның "Жастар" педагогикалық тобының концерті;

5.      "Ботай-Бурабай" ашық аспан астындағы этнографиялық мұражайға саяхат;

6.      "Олимпия" спорттық ойындар жарысы;

7.      "Балдәурен елінің құрылтайы" танымдық ойын-сауық кеші;

8.      "Біз өнерлі жастармыз" шығармашылық байқауы;

9.      Туған күн иелеріне арналған кеш;

10.  "Қазақстанға қош келдіңіз!" би фестивалі;

11.  "Қазақ ертегілер әлемінде" ертегілер кеші;

12.  2023 жылдың 10-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.

Бұл жолғы ауысымның мақсаты – жас ұрпаққа өз тарихымызды дәріптеп, патриоттық тәрбие беру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу