Шетел валютасын сатып алу мен сату арасындағы алшақтық ұлғаюы мүмкін

750

Ұлттық банк осындай өзгеріс ұсынды. 

Шетел валютасын сатып алу мен сату арасындағы алшақтық ұлғаюы мүмкін

Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату арасындағы рұқсат етілген айырманы екі еседен астам арттыруды ұсынады, деп жазды inbusiness.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша шетел валютасын сату бағамынан сатып алу бағамын ауытқу шегін белгілеу туралы үкімет қаулысына өзгерістер әзірлегенін хабарлады.

"Жобада айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операциялар бойынша сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын сату бағамынан ауытқу лимиттерін АҚШ доллары үшін – 6 теңгеден 15 теңгеге дейін, еуро үшін – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін арттыру ұсынылады", – деп жазылған хабарламада.

Реттеуші ұсынып отырған өзгерістер ең алдымен валюта нарығындағы алыпсатарлық қызметті төмендетуге, сондай-ақ валюта бағамының құбылмалылығының артуына байланысты қаржы нарығына қатысушылардың тәуекелдерін азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу