Шетел валютасындағы салымдар 8,6 пайызға қысқарды

733

Шетел валютасындағы салымдар 8,6 пайызға қысқарды

Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері, алдын ала деректер бойынша, наурыздың соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсу 1,1% болды. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды бас банктің баспасөз қызметі.

"Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыздың соңында 59,3 млрд АҚШ доллары болып бағаланды. Жалпы халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,5%-ға немесе 1,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 90,4 млрд АҚШ доллары болды", - деді Данияр Ақышев.

Ол осы жылғы екі айда ақша массасы 3,9%-ға қысқарғанын қоса айтты. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 трлн теңгеге дейін 3,5%-ға азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6%-ға қысқарды, теңгемен салымдар 1,1%-ға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдардың үлесі 45,2%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу