Шетел валютасындағы салымдар үлесі 45 пайызға төмендеген

776

Шетел валютасындағы салымдар үлесі 45 пайызға төмендеген

Валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективада бағамын айқындайтын іргелі факторлар жағымды қалыптасуда. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Ол қаңтар-ақпанда теңге 1 АҚШ доллары үшін 320,30 теңгеге дейін 3,6%-ға нығайғанын атап өтті. Ұлттық банктің алтын валюта резервтері ақпанның соңында 31,4 млрд АҚШ доллары болды. Жыл басынан бері 2,2%-ға өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері жыл соңында 59,4 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Жалпы халықаралық резервтер 90,8 млрд АҚШ доллары болды.
"Депозиттер көлемі қаңтардың соңында 17,1 трлн теңге болды. Маусым ішінде бір айда 2,2%-ға төмендеді. Шетел валютасындағы салымдар 6,9%-ға қысқарды. Теңгемен салымдар 2,1%-ға өсті. Нәтижесінде шетел валютасындағы салымдар үлесі 45,4%-ға дейін төмендеді.
Қаржы реттеушісінің басшысы банктердің экономиканы кредиттеуі қалпына келіп жатқандығын атап өтті.

"Осы жылдың қаңтарында жаңа кредиттерді беру көлемі 830 млрд теңге болды. Бұл 2017 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 44%-ға көп. Экономикаға кредиттердің жалпы көлемі 2018 жылғы қаңтардың соңында 12,5 трлн теңге болды", - деді Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу