Шетелде қазақстандық карталармен төлем жасау көлемі артты

112

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандық банктер шығарған карталар арқылы шетелде шамамен 200 миллион операция жүргізілген.   

Шетелде қазақстандық карталармен төлем жасау көлемі артты Фото: BRONIX

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1 пайызға жоғары. Мәліметті Бірінші несие бюросы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Операциялар көлемі теңге эквивалентінде 3,7 триллион теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 28,6%-ға артық.

Негізгі өсім қолма-қол емес төлемдердің есебінен қалыптасқан – олардың үлесі барлық операциялардың 98 пайызын (196,1 млн операция) және жалпы соманың 91 пайызын (3,3 трлн теңге) құрайды.

– Қолма-қол ақша алу операциялары жалпы үрдіске сай емес. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша мұндай операциялардың саны 8,3%-ға азайып, 3,9 млн-ға дейін түсті. Алайда олардың жалпы сомасы 1,7%-ға өсіп, 323,5 млрд теңгеге жетті. Нәтижесінде бір операцияның орташа мөлшері 83,9 мың теңге болып, жылдық өсім 11% болды, – делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар шетелде картаны жиі онлайн төлемдер үшін пайдаланады – барлық қолма-қол емес операциялардың шамамен 70 пайызы интернет арқылы жасалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу