Бұл – KMGI тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
KMGI 2025 жылы атқарған жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарып, қаржылық және операциялық көрсеткіштері айтарлықтай өскенін көрсетті.
Басты операциялық нәтижелер:
- Petromidia мұнай өңдеу зауытында өңделген шикізаттың жалпы көлемі 5,88 млн тоннаны құрады, орташа нақты өңдеу өнімділігі – тәулігіне 14,9 мың тонна.
- KMGI еншілес ритейл компанияларының сату көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 14% артты, бұл көрсеткішке Румынияда, сонымен қатар басқа да елдерде – Молдова, Болгария, Грузияда көтерме және трейдинг сатылымының ұлғаюы әсер етті.
- Жанармайға қатысы жоқ тауарлардан түскен пайда $56,9 млн жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 9% жоғары.
Қаржы нәтижелері:
- 2025 жылдың шоғырландырылған EBITDA көрсеткіші $424 млн жетті, бұл 2024 жылғы деңгейден 61% артық.
- KMGI таза пайдасы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша $128 млн құрады, бұл компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу