Шетелден келетін дәрілерді жеткізу тәртібі жеңілдетілді

758

Препараттар қоймалардан бөлшек саудамен айналысатын компанияларға жеткізіле бастады.

Шетелден келетін дәрілерді жеткізу тәртібі жеңілдетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті. 

"Елімізде дәрі-дәрмек тапшылығын болдымау мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың бірі – сырттан келетін дәрілерді жеткізу тәртібін жеңілдетуге қатысты. Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттар алып келу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарладық. Қазір осы нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшек саудамен айналысатын компанияларға жеткізіле бастады. Алдағы уақытта аталған дәрілік препараттар дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергілерді алып тастадық. Қысқа уақыттың ішінде қажет препараттар халыққа қолжетімді болады", – деді министр. 

Сонымен қатар Алексей Цой өңірлерде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмыстары күшейтілгенін жеткізді. 

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 5 шілдеде өткен брифингте елімізде дәрілік препараттардың 13%-ы ғана өндірілетінін айтқан. Сондықтан импорттық дәрілерді Қазақстанға жеткізу бойынша тосқауылдар алынатынын мәлімдеген.  

Құралай Құдайберген

Фото: gmpnews.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу