banner

Шетелдік активтердің саны өсіп келеді

Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресінде KCSD Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетелдік активтердің саны өсіп келеді

"2022 жылғы қазанның соңында KCSD-де депозитарлық қызмет көрсетуге қабылданған бағалы қағаздар шығарылымының саны жыл басынан бері екі есеге жуық ұлғайды, жыл басындағы 1 316 шығарылымнан 10 айдың қорытындысы бойынша 2186 шығарылымға дейін көбейді. Өсімнің негізгі себебі – KCSD-де депозитарлық қызмет көрсетуде тұрған шетелдік бағалы қағаздар шығарылымдарының ұлғаюы. Осы жылдың 1 қарашасында басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың индикативті көлемі 11 млрд доллардан асты. Сонымен бірге, ең үлкен сан америкалық бағалы қағаздар шығарылымдарына тиесілі", - деп түсіндіреді Әділ Мұхамеджанов.

Шетелдік бағалы қағаздардың жаңа шығарылымының жартысына жуығы (47,4%) облигациялар болды. Қазанның соңындағы шетелдік облигациялар шығарылымдарының саны жыл басынан бері үш еседен астамға өсті (165-тен 572 шығарылымға дейін).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу