Шетелдік азамат 98 мың еуроны заңсыз әкетпек болды

192

Италиялық Америка Құрама Штаттарына 98 мың еуродан астам ақшаны заңсыз алып кетуді көздеген.  

Шетелдік азамат 98 мың еуроны заңсыз әкетпек болды Фото: gov.kz

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай-Астана" кеден бекетімен Астана – Стамбул халықаралық рейсінің жолаушыларына жалпы сомасы 98 000 еуроны құрайтын қаражатты заңсыз экспорттамақ болған кедендік бақылау жүргізу кезінде Италия азаматы (шетелдік азамат) ұсталды.   

Аталған факті бойынша қылмыстық жауапкершілік мәселесін қарау үшін іс материалдары Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.  

Астана қаласы бойынша МКД Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомаға қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанын, бұзушылық үшін жоғарыда аталған нормадан сомасына қарай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу