Шетелдік бизнес-серіктестермен байланыс үзіліп қалды – вице-министр

1108

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев былтыр ел экспортының көрсеткіші 18,2%-ға төмендегенін жариялады. 

Шетелдік бизнес-серіктестермен байланыс үзіліп қалды – вице-министр

Оның сөзінше, теріс сальдоға дүниені дүрліктірген пандемия себеп болған. 

"Былтыр біз әлемнің барлық мемлекетімен бірге көптеген проблемамен бетпе-бет келдік. Өткен жылы әлемнің тауар нарығындағы сұраныс біршама төмендеді, жүк тасымалдау деңгейі де азайды. Шетелдік бизнес-серіктестермен байланыс үзіліп қалды. Жалпы, 2020 жылы әлемдік сауда 9,2%-ға қысқарды. Біздің сауда серіктесіміз саналатын негізгі 10 мемлекетпен экономикалық белсенділігіміз орташа есеппен 2,8%-ға кеміді", – деді Қайрат Төребаев.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ел экспорты да ауыр соққы алды. 

"Отандық экспорт көрсеткіші 18,2%-ға төмендеді. Әйтсе де өңделген өнім экспорты тек 3,4%-ға азайды", – деді Қайрат Төребаев

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу