Шетелдік интернет-дүкендерге енді салық салынуы мүмкін

1211

Біздің нарықта жұмыс істейтін электронды сауда қызметтеріне ешбір салық қарастырылмаған. 

 Шетелдік интернет-дүкендерге енді салық салынуы мүмкін

Еліміздегі шетелдік интернет-дүкендерге енді салық салынуы мүмкін. Шенеуніктер осындай ұсыныс жасады. Себебі бүгінде біздің нарықта жұмыс істейтін электронды сауда қызметтеріне ешбір салық қарастырылмаған. Бұл мәселені шешудің бір жолы – Қазақстан аумағындағы шетелдік интернет-дүкендердің заңды тұлғаларына міндетті тіркеу енгізіп, қосымша құн салығын салу. 

Көрші Ресей мұндай тәртіпті 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізген. Нәтижесінде 147 шетелдік компания тіркеліп, бюджетке 9,4 млрд рубль түскен. Бұл тәжірибені Беларусь елі де қолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу