Шетелдік инвесторлар кірісін еншілес кәсіпорындарына қайта инвестициялады

822

Шетелдік инвесторлар кірісін еншілес кәсіпорындарына қайта инвестициялады

2017 жылғы 9 айда ағымдағы шоттың тапшылығы алдын ала бағалау бойынша өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 16,4 пайызға төмендеп, 5 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.

Тауарлар экспорты 2016 жылғы 9 айдағы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 31,1 пайызға немесе 8,3 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мұнай және газ конденсаты экспортының құны  36,6 пайызға, қара және түсті металдар экспорты тиісінше 59,1 және 20,9 пайызға өсті. Тауар импорты 15,6 пайызға ұлғайып, 23,1 млрд АҚШ доллары болды. Импорттың өсімі негізгі тауар номенклатурасының барлық топтары бойынша болды. Ең көп ұлғаю азық-түлікке жатпайтын тұтыну тауарларын және аралық өнеркәсіптік тұтыну тауарларын әкелу бойынша орын алды. Нәтижесінде сауда балансының оң сальдосы 77 пайызға өсіп, 12 млрд АҚШ доллары болды. Шетелдік тікелей инвесторларға кірістерді төлеу 1,5 есеге өсуінен инвестициялық кіріс балансының теріс сальдосы 2017 жылғы 9 айда 12,3 млрд АҚШ долларын құрады. Шетелдік тікелей инвесторлар бұл кірістің жартысынан астамын Қазақстандағы еншілес кәсіпорындарына қайта инвестициялады. Қаржы шоты бойынша капитал ағыны (Ұлттық Банктің резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) алдын ала бағалау бойынша 6,6 млрд АҚШ долларын, шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) бойынша капитал ағыны 3,3 млрд АҚШ долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу