Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 18 жоба жүзеге асырылады

454

Нәтижесінде Алматы индустриялды аймағында 8,6 мың жұмыс орны құрылады.

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен 18 жоба жүзеге асырылады

Индустриялды жобаларды іске асыру бойынша брифингте аталған аймақ директоры Берікбол Мәндібаев 5 жылда жасалған жұмыстардың статистикасына тоқталды. Оның сөзінше, Алматының индустриалды аймағында жалпы сомасы 261 млрд теңгеге 60 компания ашылады. Оның 18-і шетелдіктердің қатысуымен.

"Атап айтсақ, мұнда Қытай, Иран, Малазия, БАӘ, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ мемлекетінің инвесторлары бар. Нәтижесінде 8,6 мың жұмыс орны құрылады. Биылғы жылы металл өңдеу және жылжымалы қақпаларды шығару бойынша қуаттылығы 12 125 бірлік, 42 жұмыс орнына шақталған кешен ашылады", – деді индустриялды аймақ басшысы. 

2021 және одан кейінгі жылдары жалпы сомасы 160,7 млрд теңгеге 38 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл 5,6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу