Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары 78 млрд теңгеге ұлғайды

Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары 78 млрд теңгеге ұлғайды Фото: gov.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Үкімет отырысында мәлім етті. 

Биылғы жылдың қаңтар-маусымында теңге 452,26 дейін 2,2%-ға нығайды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сатуы, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 1,9 млрд доллар сомасына валюталық түсімінің 50%-ын міндетті түрде сатуы теңгеге қолдау көрсетті. Валюта нарығын балансқа келтірудің жақсаруына байланысты 1 шілдеден бастап валюталық түсімді міндетті түрде сату үлесі 30%-ға дейін төмендеді", – деді спикер. 

Теңгедегі құралдардың тартымдылығы сақталуда. Депозиттерді долларландыру деңгейі 2022 жылғы желтоқсандағы 31,6%-дан осы жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша 28,4%-ға дейін төмендеді. 

"Шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялары жыл басынан бері 78 млрд теңгеге ұлғайды", – деді ҰБ төрағасының орынбасары. 

Оның сөзінше Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Теңгенің бұдан былайғы динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады, деп атап өтті баяндамашы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу